Кызылординская областьТуған өлке

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы

Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы Таң ауылында 1969 жылдың 25 тамызында дүниеге келген.
1986 жылы Таң ауылындағы №118 орта мектепті бітіріп, 1986-1993 жылдар аралығында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын инженер – механик мамандығы бойынша бітірген.
1993-1994 жылдары Таң совхозында механик болып еңбек жолын бастаған.
1994-1998 жылдары Жалағаш аудандық «Асар» ассоциациясына инженер – механик болып жұмыс атқарды.
— «Таң ЛТД» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты, ауыл азаматы ретінде ауылдың көркейіп- көгалдануына, абаттандырылуына бастамашы болып, үлесін қосып келеді.
Атап айтқанда, 2012 жылдан бастап жыл сайын ауылдың көркейіп-көгалдануына ақшалай қаржы бөліп, жұмыс жүргізуде. Ауыл көшелеріне ағаш, гүл отырғызып, күтімге алу, аяқ су келтіруді қамтамасыз етуде /2022ж/;
— Таң ауылы орталығындағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш-белгіні қалпына келтіріп, абаттандыру жұмыстарын жүргізді /2022ж/;
— Қазіргі уақытта ауылдың орталық алаңына абаттандыру жұмыстарын жүргізуде /2022ж/;
— «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Таң ауылдық округінің орталығы, Таң ауылында орналасқан. Серіктестік ауыл тұрғындарының 80 пайызын жұмыспен қамтып отыр /2022ж/;
— «Таң ЛТД» ЖШС соңғы жылдары тек Таң ауылында ғана емес, көршілес Мырзабай, Мақпалкөл ауылдарында, Қармақшы ауданының Ақжар ауылында күріш егіп, нәтижелі өнім жинап келеді. Демек «Таң ЛТД» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты тек туған ауылы ғана емес, көршілес орналасқан ауылдарды да жұмыспен қамтып, асырап отыр деуге болады.
— Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында 2018 жылы 90 орындық «Таң бөбегі» бөбекжайын ашып, 27 адам жұмыспен қамтылды /2022ж/;
— Мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында «Таң ЛТД» ЖШС арқылы таэквандо және дзюдо күресі үшін спорт ғимараты салынып, 2019 жылы пайдалануға берді /2022ж/;
— Сонымен қатар, жеке қаражаты есебінен ойын алаңы мен кіші футбол алаңы, Ауыл орталығына гүлзарлар жасалып раушан гүлдерін отырғызды. Мүсірәлі баба көшесіне Биг Бен сағатын орналастырды. Ауылдық округтің санитарлық тазалық көркейту көгалдандыру жұмыстарына араласады. Шаруашылық биыл балалар жылына орай оқу озаттарына 32 дана балаларға арналған скутер мен 5 дана велосипед және басқада бағалы сыйлықтар үлестірді /2022ж/;
— 2021 жылы жеке қаражаты есебінен аудандық маңызы бар ауылға кіреберіс автомобиль жолына ұзындығы 3 км жерге соңғы үлгідегі жарық шамдарын орнатты /2022ж/.

Back to top button