Жылдың үздік қамқоршысыКызылординская область

Жүсіпова Несібелі Бектасқызы

Жүсіпова Несібелі Бектасқызы

Төтенше жағдай кезінде ауданымыздағы әлеуметтік аз қамтылған 170 отбасына 1 700 000 тг көлемінде қайырымдылық жасаса, аудандық ауруханаға 7 дана кислородный аппаратты сыйға тартқан.
Сонымен қатар, аудандағы 11 мүгедек азаматқа ай сайын 20 000 тг жәрдем беріп отыр. Сондай-ақ, 2017 жылы Қызылорда қаласының жедел жәрдем дәрігері қызмет кезінде апатқа ұшыраған (Талап ауылының тумасы) жігітке 4,020,000 млн тенгеге аппарат алып берген.
Арыс қаласында орын алған апатты жағдай кезінде де қомақты қаржылай көмек көрсеткен.
Ақпарат үшін: 2003 жылы Жайылма ауылында мектеп салынуына да қол ұшын созған.
2006 жылы аудан орталығындағы құрылысы жаңадан салынған «Хисамиддин — Сығнақи» мешітіне 2,300,000 тг көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.
2012 жылы «Хисамиддин — Сығнақидың» 880 жылдығына арналған мерейтойына арнап өткізілетін айтыс өнеріне автокөллік сыйға тартып, Хиссамиддиннің ұлы «Һуссамидиннің еңбектері» атты кітаптың шығуына да өз демеушілігін көрсеткен.
2012 жылы Жаңақорған кентіндегі №163 мектептің кітапханасын толық жаңартып берген.
Жайылма ауыл шаруашылығы қожалығына 1,500,000 тенге көлемінде демеушілік жасаса, ауылдың кіре берісіне тал егіп көгалдандырып, 3,400,000 тг тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған монумент орнатқан.
2022 жылы Жаңақорған кентінде аудан тұрғындарына «Әл-Мумин» мештінін салып берді. Сондай-ақ, 1 000 000 теңге қаржыға мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсеткен.

Back to top button