Жыл меценатыКызылординская область

Есенов Расул Әбутәліпұлы

Есенов Расул Әбутәліпұлы «Углесбыт» ЖШС директоры
— Әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы, толық емес отбасыларға, мүгедек балалармен олардың аналарына қаржылай көмек көрсетіп келеді.
— Тереңөзек кентінің тұрғыны Ә.Садықованың тұрғын үйін өз қаражат есебінен қайта жөңдеуден өткізді /2022ж/;
— 2021 жылы (COVID-19) -ға байланысты аудандық ауруханаға 10 оттегі баллонын, 2 тыныс алу аппаратын, 2 желдеткіш алып берді;
-Аурухананың ішкі жөндеу жұмыстарына қаржылай қолдау көрсетті /2021ж/;
— Қыс мезгілінде аз қамтамасыз етілген 10 отбасыға 20 тоннадан астам көмір түсіріп берді /2022ж/;
-С.Сейфуллин ауылында жастар арасында ұйымдастырылған спорттық шараға 200,0 мың теңгеге демеушіік жасап, спорттық құрал жабдықтар алып берді /2022ж/;
— Мәдени шараларға қолдау көрсету мақсатында 400,0 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті /2022ж/;
— «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтамасыз етілген отбасы, оның ішінде жалғызбасты аналар мен көпбалалы отбасының балаларына қаржылай қолдау көрсетті /2022ж/;
— 2022 жылы қаңтар оқиғасы орын алған уақытта тосқауыл бекетінде тұрған құқық қорғау органдары қызметкерлерін 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етті /2022ж/;
— Кент орталығында әлеуметтік дүкенді жыл сайын азық түлікпен (картоп, күріш) қамтамасыз етіп келеді.
— Биылғы жылы әлеуметтік дүкенді 1 тонна күрішпен қамтамасыз етті /2022ж/;
— Жыл сайын аудан ардагерлеріне, 50 еңбек ардагеріне аудандық «Тіршілік тынысы» газеті мен «Ардагер айнасы» газетін тегін жаздырып береді/2022ж/;
— Жалын тынығу лагерінде балалар жылы аясында 600,0 мың теңгеге аппаратура сыйлады;
— «Тереңөзек-А.Тоқмағамбетов» автомобиль жолындағы көпірдің екі жағындағы бетон жабындыларын ауыстырып, екі жақ қапталына СП бетондары қойылып, 500,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстарын жасап берді /2022ж/.

Back to top button