Жыл тұлғасыКызылординская область

Бекжанов Алиби Бакытбекович

Бекжанов Алиби Бакытбекович

1973 жылы 9 наурызда Жалағаш ауданы, Жаңаталап (Қазіргі Мақпалкөл) ауылында дүниеге келген. Қарапайым шаруа отбасында тәрбиеленген.
1980 жылы Мақпалкөл ауылындағы орта мектебіне барып, 1990 жылы бітіріп орта білім алғаннан кейін 1991 жылы Жамбыл гидромеллирация құрылыс институтының Қызылорда филиалына оқуға тусіп,1995 жылы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлер институтын бітіріп, инженер гидротехник мамандығын алып шыққан.
1996-2006 жылдар аралығында Мақпалкөл ауылындағы Т.Жүргенов атындағы өндірістік кооперативінде инженер-гидротехник болып жұмыс істеген. 2000 жылы шаруашылық тараған уақытта бірігіп жер үлестерін алып “Нұрбек” шаруа қожалығын құрып,одан 2003 жылы бөлініп шығып өз алдына “Ер-Әлі” шаруа қожалығын ашып, қазіргі уақытқа дейін егін шаруашылығын дамытып, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып жылдан-жылға шаруашылығын ұлғайтып келеді. Ауыл мектебіне, балалар бақшасына демеушілік қолын созып қаржылай, заттайда көмек жасауда. Соның айғағы жастарға салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында
№117 Ә.Оңалбаев атындағы орта мектебіне шаруашылық атынан құны 1,0 млн теңгеніңспорттық жаттығу залын ашып жаттығу құрылғыларын және ауылдық Мәдениет Үйінің көрермендер залына 1,5 млн теңгеге 220 орындық тарту етті /2021ж/;
-2017 – 2018 жылдар аралығында қарамағындағы 3 жұмысшысына өз қаражаты есебінен үй салып берген /2021ж/;
— 2021 жылы өз қаражаты есебіненТемірбек Жүргенов атын¬дағы ауылға 450 шаршы метр аумақта ор¬на¬ласқан ойын алаңында балалармен бірге ере¬сектерге де бір сәт бойларын сергітіп, жаттығу жасауына мүмкіндік қарастырған /2022ж/;
Жоба құны 13,0 млн теңге.

Back to top button